Алматыдағы қару-жарақ қоймасын тонағандар Жамбыл облысында ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полиция қызметкерлері Алматы  облысындағы қару-жарақ дүкенін тонағандарды ұстады. Олар 7 қаңтар күні Қордай ауданындағы блокбекеттердің бірін кесіп өтпек болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары «Алматы-Ташкент» тасжолындағы блокбекетте мемлекеттік нөмірі жоқ Subaru Forester автокөлігін тоқтатқан. Тінту барысында 12 калибрлі 10 қару-жарақ, 1 пневматикалық тапанша мен аң аулайтын құралдар табылды. 

Тергеу жүргізу кезінде 24 жастағы автокөлік жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушы Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкенін тонауға қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 3-бөлім 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде.

Айта кетерлігі,  қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Қордай ауданы аумағындағы екі блокбекетте жүздеген тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы