Бүгiн 2026, 13:38
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Мақсат Рысбеков
Алматыдағы пойызда 52 адамның улануы: Министр жаңа деректерді айтты
Заң бұзушылық анықталды.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Сенатта өткен брифингте пойыз вагонында 52 адамның улануына қатысты істің тергелуі жөнінде жаңа мәліметтерді бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Аталған оқиға 2025 жылдың желтоқсан айында болған.
Бір жеке вагонмен келісім жасалған. Оның іші суық болғандықтан, олар көмірқышқыл газын бөлетін қандай да бір жылыту жүйесін орнатқан. Қазір тергеу аяқталуға жақын, – деді Нұрлан Сауранбаев.
Ол вагон иелері жауапкершілікке тартылатынын айтты.
Бұл жерде нақты заң бұзушылық бар, бірақ бәрін заң аясында дәлелдеу керек. Аталған вагон пайдаланудан шығарылды, – дейді министр.
Еске салайық, Алматыда 52 адам уланып, екі бала жансақтау бөліміне түскені туралы жазған болатынбыз.