6 Қазан 2024 2024, 16:54 Фото: Алматы әкімдігі

Алматыдағы перзентханалардағылар да дауыс берді

Алматы қаласындағы алты перзентхана мекемесінде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум аясында дауыс беру өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласындағы алты перзентхана мекемесінде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум аясында дауыс беру өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

454 босанған және жүкті әйелдер азаматтық белсенділік танытып, рефендумнан шет қалмады.

14:00-ге дейін осы перзентханаларда 43 нәресте дүниеге келді, ал бүкіл ел бойынша референдумға Қазақстан азаматтарының 51,77%-ы дауыс берді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы қаласында барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар 20:00-ге дейін ашық болады.