Алматыдағы перзентханада ана өлімі орын алды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында бұл жайтты растады.

2 наурыз күні №5 перзентханада ана өлімі орын алды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Медициналық-соттық сараптама нәтижесі шыққан соң ғана біз қорытынды шығара аламыз. Бұл оқиғада жемқорлық нышаны болғаны туралы мәлімет түскен жоқ. Егер тергеу кезінде ол расталса, әрине, біз де өз тарапымыздан тиісті шара қолданамыз, - деді Л. Мырзағали.

Сондай-ақ ол қалада коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек қоры қаншалықты деңгейде екенін атап өтті.

Қазір қалада дәрі мен медицинада қажетті бұйымдардың екі айға жететін қоры бар. Әкімнің тапсырмасымен қалада тұрақтандыру қоры құрылған, оған 5 млрд теңге бөлінген, - деді ол.

Сонымен қатар ол қаладағы медициналық ұйымдарда коронавируспен ауырған науқастарды қабылдайтын 7 мың төсек орны әзірленгені және 1866 науқас ем қабылдап жатқанын айтты.

Сондықтан әлі 5 545 мыңнан астам төсек орны қорда тұр. Ал стационарда 1 140 адам ковид бойынша ем алуда. Үй стационарында 807 науқас ем алып жатыр. Бүгін тағы 116 адам карантинге алынды, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы