Алматыдағы өрттен бір жасар бала қаза тапты
Қайғылы оқиға Жетісу ауданы Ноғайбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйдің бірінде болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Жалын шарпыған үйге ТЖД қызметкерлері 4 минуттың ішінде жеткен.
Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
12 қыркүйекте сағат 23:32-де ТЖД күштері мен құралдары автоматты түрде жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Жетісу ауданы Ноғайбаев көшесінде жеке тұрғын үй отқа оранғаны туралы хабарлама бойынша жіберілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 (23:36) минутта жеткен сәтте, ашық жалынмен, ағаштан салынған жеке үйдің шатырын, шаруашылық ғимаратының және уақытша салынған үй жайдың S=200 шаршы метрдегі отқа оранғанын анықтады. Сондай-ақ құрылымдардың опырылып құлауы туралы баяндалды, - делінген хабарламада.
Қызыл жалынды сөндіру кезінде өрт сөндірушілер 2 адам құтқарып қалған. Дегенмен ТЖД қызметкерлері келгенге дейін 2023 жылы туған бала қайтыс болған.
Жоғары өрт жүктемесінің салдарынан ол тез таралып кеткен. Үйдің қабырғалары мен шатыр қабаты тез жанғыш материалдардан (ағаштан) салынған. Өрт орнынан 50 литр газ баллоны эвакуацияланған. Өртті барлау және сөндіру барысында өрт сөндірушілер 2 адам құтқарып: 1994 жылы туған ер адам және 1993 жылы туған әйел, №4 қалалық ауруханаға ессіз жағдайда жеткізілді. Өкінішке қарай, өрт сөндірушілер келгенге дейін 2023 жылы туған бала қайтыс болды, - деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.