2 Сәуір 2025 2025, 17:19 Фото: видеодан скриншот

Алматыдағы Орталық саябақтан өрт шықты

Қызыл жалын жедел ас дайындау дүңгіршегінен шыққан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қызыл жалын жедел ас дайындау дүңгіршегінен шыққан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 17 адам және 4 техника аттанған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі пікір білдірді.

Өрт сөндірушілер сағат 14.52-де Медеу ауданындағы Гоголь көшесі, 1- мекенжайы бойынша отқа оранған жерге аттанды. Құтқарушылар 30 шаршы метр алаңды алатын 3 жедел ас дайындау дүңгіршегіндегі өртті жойды. Абырой болғанда зардап шеккен адамдар жоқ. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 17 адам және 4 техника жұмылдырылыды,- деді Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі.