Алматыдағы Орталық саябақта тойхана салынып жатыр ма

Желіде Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында үлкен ғимараттың салынып жатқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Көпшілік оны тойханаға ұқсата отырып, саябақ аумағында жаңа нысанның заңсыз тұрғызылып жатқанына күмән келтірді. Бұған дейін қала әкімдігі демалыс аймақтары мен саябақтарда құрылыс жүргізуге толық тыйым салынғанын мәлімдеген болатын.

Алматы әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, көрсетілген аумақта жаңа ғимарат құрылысы жүргізілмейді.

2038 жылға дейін әрекет ететін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы негізінде "РИМЭКС" ЖШС бар ғимаратты қайта жаңарту бойынша алдын ала жобаға рұқсат құжаттарын алған. Жұмыстар 2019 жылы берілген рұқсат құжаттарының негізінде жүргізілуде, – деді әкімдік өкілдері.

Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, Орталық саябақ аумағында жаңа тойхана салынып жатқан жоқ. Бұрыннан бар нысанды реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы