Алматыдағы өрт. Зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет белгілі болды
Алматыда жатақханадағы өрттен зардап шеккен төрт адам қалалық жедел жәрдем ауруханасына түсті. Бір әйел ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 қараша күні сағат 10:20-дағы жағдай бойынша Қалалық жедел жәрдем ауруханасына хостелде болған өрттен зардап шеккен төрт адамды әкелген.
1996 жылы туған бір әйел ауруханаға жатқызылды. Ол ыстан уланған. Зардап шегушінің жағдайы орташа ауырлықта тұрақты.
Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін тағы үш науқас амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Осы үш науқастың ішінде бір шетелдік, 1999 жылы туған Үндістаннан келген студент алғашқы хирургиялық емдеуден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, - делінген Денсаулық сақтау департаменті таратқан хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Алматыда орналасқан хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адамды ажал құшты. Белгілі болғандай хостелдің іске қосылғанына не бәрі 1,5 ай болған. Онда шетел азаматтары тұрған. Сонымен қатар өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.