Алматыдағы өрт: Қаза тапқандардың отбасына 1 млн теңгеден астам көмек көрсетіледі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Бақытжан Наурызбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денелерін көрсетілген жерлерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға жәрдемдесетін болады. Көмек ретінде қаза тапқандардың отбасына 1 млн теңгенің көлемінде көмек көрсетіледі. Бұдан басқа, жерлеу процесін қоса алғанда, Алматы қаласының аумағында жерлеуді ұйымдастыруға жәрдем толық көрсетіледі , – дейді Бақытжан Наурызбеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы