Алматыдағы оқиғада 4 жасар қыз қаза тапты - Саин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 қаңтарда Алматыдағы тәртіпсіздік барысында 4 жасар қыз қаза тапты. Бұл туралы балалар омбудсмені Аружан Саин хабарлады.

4 жасар қызды атып тастаған. Тағы бір жасөспірім қыз жаралы. Олар Сейфуллина мен Сәтпаев көшесінің қиылысында көлікпен өтіп бара жатқан. Көлік салонында 4 бала мен бір ересек адам болған. Көлікке оқ жаудырған. Бұл 7 қаңтарда болған оқиға, - деді Аружан Саин.

Саинның айтуынша, әкімдік пен мәйітханадан ақпарат алып отыр. Бұған дейін Аружан Саин Алматыда 11 жасар бала қаза болғанын айтқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы