Алматыдағы мектептегі буллингке қатысты іс тоқтатылды
Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінің кәмелетке толмаған оқушысына қатысты буллинг орын алды деген ақпарат бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәлімдеуінше, тергеу барысында аталған мәліметтер өз растауын таппады, буллинг фактілері анықталған жоқ.
Қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Қабылданған шешім прокуратурамен келісілді. Полиция департаменті азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты, тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартуға шақырады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
Келесі жаңалық
Индонезияда жанартау оянды
Өзгелердің жаңалығы