Алматыдағы Медеу мұз айдыны қашан ашылады?

«Медеу» мұз айдынында сырғанау маусымы қараша айының екінші жартысында ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Медеу» мұз айдынының баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. 

Достар! Бүгін біз сіздермен қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келеді. «Медеу» мұз айдыны өз есігін 15 қараша күні айқара ашады. Қазіргі кезде біз ашылу салтанатына дайындалып жатырмыз! Нысанда дайындық жұмыстары аяқталып, мұз құйыла бастады, - деп мұз айдынының баспасөз қызметі. 

Кешеннің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, тегін кіру мынадай тұлғаларға қарастырылған:

  • 0-6 жасар балаларға;
  • зейнеткерлерге;
  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  • Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар;
  • 1986-1987 жылдары Чернобль АЭС апатының салдарын жоюға қатысқандарға;
  • 18-ге толмаған көпбалалы отбасы мүшелеріне;
  • балалар үйінің тәрбиеленушілеріне.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/medeu_official
Өзгелердің жаңалығы