Алматыдағы «Мәншүк» сквері қайта жаңартылады

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың қала тұрғындарымен кездесуі кезінде айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматылық тұрғын сирек кездесетін ағаштарды сақтау керек, сонымен қатар шыршаларды дұрыстап қайта отырғызу керек екенін атап өтті. 

Әлия мен Мәншүк алаңындағы скверге келсек, қайта құру жұмыстарын қайта бастау мерзімін күтеміз. Мені саябақтың жоғарғы бөлігінде Панфилов көшесіне жақын жердегі «Аққу» дәмханасын қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған жеке учаскенің мәселесі қызықтырады. Бұл жұмыс қалай жүргізіледі, онда Қызыл кітапқа енгізілген 100 жылдық емен бар. Мұның бәрін бақылау керек. Сирек кездесетін ағаштарды сақтау керек, сонымен қатар шыршаларды дұрыстап қайта отырғызу керек, – деді қала тұрғыны. 

Қала тұрғынның «Мәншүк» скверін жөндеу туралы сұрағына қала әкімі жауап берді.

Естеріңізде болса, 2023 жылы сквердегі жөндеуді аяқтағымыз келді, қажетті қаржыны бөлдік. Бірақ «Шах» құрылыс компаниясының мердігері осы жоба және келесі жылы абаттандыру мен көгалдандыруға қатысты тағы екі жоба бойынша сенімді ақтаған жоқ. Біз сотта жеңдік. Ақпан айында экология басқармасы жаңа байқау өткізеді. Биыл жұмысты аяқтаймыз деп үміттенеміз. Өкінішке қарай, 2023 жылы жөндеуге бөлінген ақшаны 2024 жылға ауыстыруға мәжбүр болдық. Бұрын мақұлданған және келісілген жоба сол күйінде қалады. «Аққу» дәмханасына келсек, ол тарихи келбетін сақтайды. Біз субұрқақты, сонымен бірге ағаш отырғызуды сақтадық. 2023 жылдың соңында қажетті жабдықты сатып алдық. Алмалы ауданының Жасыл комиссиясымен бірге әрі қарай не істеу керектігін қарастырайық. Жобаның сквермен өзара үндесуін қамтамасыз етеміз,- дейді Ерболат Досаев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімі
Өзгелердің жаңалығы