Сағынтаев Алматыдағы LRT желісі жұмысының жанданатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Әкім қаладан Талғарға дейін жеңіл рельсті көлік желісін салу жобасы туралы хабарлады.

Сағынтаевтың сөзінше, аталаған жобаны Үкіметке 2019 жылы ұсынылған. Жоба ҚТЖ-мен қаралған, бірақ ҚТЖ-да да, қала бюджетінде де қажетті қаражат болмаған. Өз кезегінде әкімдік осы жобаға қызығушылық танытқан жеке инвесторды тапты.

Жеңіл рельсті көлікті Талғардан Halyk Arena-ға дейін іске қосуды көздеп отырмыз. Инвестор Талғар мен екі ортада өзі үшін қандай да бір база салуы мүмкін ал біз бұл жобаны субсидиялаймыз, – деді қала басшысы. 

Ол келіссөз кезінде инвестор "Алматы 2" вокзалына дейін жеткізу туралы ұсыныс тастағанын атап өтті. Сондай-ақ, Сағынтаевтың мәлімдеуінше, инвестор бірінші кезеңде жобаның 20 пайызын қаржыландырады.


 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы