Алматыдағы крематорий құрылысы аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда крематорийдің құрылысы аяқталды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Крематорийдің құрылыс жұмыстары 2021 жылдың желтоқсанында аяқталды. Бүгінгі таңда сыртқы инженерлік желілерді, оның ішінде орнатылған пештерді пайдалану үшін газбен жабдықтау желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Крематорийді 2022 жылдың мамырында қосу жоспарда, – деп жауап берді қала әкімдігі ҚазАқпарат жолдаған сауалға.

Келісімшартқа сәйкес, крематорий Алматы қаласы, Алатау ауданы Ақын Сара көшесінің солтүстік бөлігінде, ЖЭО-2 шығысына қарай орналасқан патологоанатомиялық бюро жанынан (сыртқы инженерлік желілерсіз) салынды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда крематорийдің жұмыс істеу қағидалары, сондай-ақ мәйтті кремацияға қабылдау ережелері әзірленуде. Айта кетейік, 2020 жылдың жазында крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын жасауға тендер жарияланған болатын.

Тапсырыс беруші – Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы. Құрылыс құны – 1,3 млрд теңге.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы