Алматыдағы кесілген ағаштардың орны еменмен толығатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Төле би көшесінің бойындағы кесіп тастаған 13 түп ағаштың орнына 30 түп емен егілді. Бұл жұмысты атқарған қала әкімшілігі мен волонтерлық қозғалыс өкілдері, деп хабарлайды 24.kz.

Осыдан бірер күн бұрын шаҺардағы ірі сауда үйінің жанында жайқалып тұрған 9 емен мен 4 қарағаш бір түнде кесілген болатын. 

Қазір жер суып үлгерген жоқ. Сондықтан бұл ағаштар үсіп қалмайды. Керісінше Алматыда қарашаның соңына дейін ағаш отырғызуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ бұл емен ағаштары қалаға жақын жерден Алматы облысынан әкелінді. Сондықтан жерсініп кететіні анық. 30 түп ағаш екі қатарға бөлініп, барлық талапқа сай отырғызылып жатыр, - деді қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы