Алматыдағы Іле-Алатау ұлттық паркінде өрт шықты

Алматыдағы Іле-Алатау ұлттық паркінің Малоалматин орманшылығы аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

“Қазавиақорғау” мәліметінше, өрт 12:15-те тұтанған, ал белсенді түрде сөндіру жұмыстары 13:05-те басталған. РМҚК “Қазавиақорғау” Алматы авиациялық бөлімшесінің басшысы Бекзат Байшаловтың айтуынша, оқиға орнында өрт сөндіру жасақтары жұмыс істеп жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға екі өрт сөндіру көлігі мен төрт маман жұмылдырылған.

Өрт орташа деңгейлі деп сипатталады. Оқиға орнында жедел сөндіру және жағдайды мониторингтеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталған жоқ, тиісті қызметтер зерттеуді жалғастыруда. Алдын ала мәлімет бойынша, елді мекендерге немесе туристік маршруттарға қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай жедел қызметтердің бақылауында. Жалпы алғанда, өртті сөндіруге 8 арнайы техника, 1 өрт сөндіру тікұшағы және 25 адам жұмылдырылды, – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар РМҚК “Қазавиақорғау” мен Іле-Алатау ұлттық паркінің қызметкерлері Алматы қаласы ТЖД бөлімшелерімен бірлесіп өртті сөндіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Тікұшақ авиациялық қолдау көрсетуде, барлық қызметтердің өрт сөндіру көліктері жұмыс істеп тұр.

Өрт 14:20-да локализацияланды, алдын ала болжам бойынша жалын шарпыған аумақ 1,7 гектарды құрайды, – деді орган.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы