Алматыдағы «Хюндай» зауыты өткен жылы 6,5 мың көлік шығарған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді. Оның айтуынша, қалада өңдеу өнеркәсібінің көптеген саласында динамикалық өсу байқалады.
Ол Алматы өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша алдыңғы орында екенін айтты. Мәселен өткен жылы қаланың Индустриалды аймағында ашылған «Хюндай» зауыты өткен жылы 6,5 мың көлік шығарыпты.
Ал биыл зауыт 9,7 мыңнан астам автомобиль шығарды. Осылайша Алматыда машина жасау көлемі 5 есеге жуық өсті, - деді ол.
Сондай-ақ қаладағы сусындар өндірісінің көлемі 4%-ға дейін, қағаз және қағаз өнімдері 21%-ға дейін, резеңке мен пластмасса бұйымдары 79,2%-ға дейін, металл емес басқа минералды өнімдер 27,4%-ға дейін, дайын металл бұйымдары 92,3%-ға дейін ұлғайған.
Оның айтуынша, Алматы сауда саласында да көшбасында. Қала елдің бөлшек сауда айналымының 31,6% және көтерме сауда айналымының 40,5% құраған.
Бөлшек саудада кең ассортименттегі тауарлар сатылымының 48,7%-ға, киім мен аяқ киімнің 4,8%-ға, автомобильдер мен қосалқы бөлшектердің 4,5%-ға, құрылыс материалдарының 4,9%-ға, компьютерлердің 9,8%-ға, фармөнімдердің 9,3%-ға өскені анықталды, - деп атап өтті Өсеров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыдағы инфляция 3,4% құрады
Келесі жаңалық
Исламабадта Қазақстан – Пәкістан саяси консультациялары өтті
Өзгелердің жаңалығы