Алматыдағы ХҚКО-да көлік сатушы мен клиент төбелесті
Алматы, BAQ.KZ. Желіде екі жігіттің төбелесіп жатқан бейнесі тарады.
Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, төбелес Саялы ықшам ауданындағы Мамандандырылған ХҚКО-да болған. Бейнеден ашуланған ер адам екіншісін жағадан алып ұрып жүргенін, кейін жерге жығып, соққының астына алып жатқанын көруге болады.
Алматы полициясы бұл жағдай бүгін 21 қазанда болғанын мәлімдеді.
Аталған жайт бүгін Алатау ауданындағы Мамандандырылған ХҚКО-да болғаны анықталды. Төбелес көлік сатушы мен алушы арасында болған. Оған не себеп болғаны анықталып жатыр. Оған қоса бұл жағдай ҚР ҚК 293-бабымен тәртіп бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тіркеуге алынды, - делінген Алматы ПД-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Локдаун. Сайлау өтпей қалуы мүмкін бе?
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы