Алматыдағы газ инфрақұрылымының құрылысы қалай жүріп жатыр

Алматы қаласындағы ЖЭО арналған газ инфрақұрылымының құрылысы жоспарға сәйкес жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейірбек Ихсанов пен «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев Алматыда ЖЭО-2 және ЖЭО-3-те газ құбыры инфрақұрылымын салу барысын тексерді.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Алматы ЖЭО-ны газға ауыстыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, екі автоматты газ тарату станциясының құрылысын бастады. АГТС өнімділігі 250 және тиісінше 150 мың м3/сағ. Бұдан басқа, қуаттылығы сағатына 1000 мың м3 «Алматы-Байсерке-Талғар» және «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырлары арасында TIP-04 газ жалғастыру құбырын салу жүзеге асырылып жатыр.

Табиғи газды берудің қосымша көзі одан әрі энергетикалық қауіпсіздікті ұстап тұруға және Алматы облысы бойынша оның ішінде ЖЭО-2 және ЖЭО-3 газдандыруды ескере отырып, Алматы энергокешені үшін газды сенімді және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Мейірбек Ихсанов.

Жобалық құжаттамаға сәйкес, мердігер ұйымдар қажетті жабдыққа толық тапсырыс беріп, оның мерзімінде жеткізілуі жоспарланып отыр. АГТС және TIP-04 газ жалғастыру құбырын салуды аяқтау 2023 жылғы желтоқсан айының соңына жоспарланған.

Жобаны іске асыру Алматы қаласы мен оның маңындағы ауаның ластануын азайту есебінен адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады, сондай-ақ өсіп келе жатқан энергия тұтынуды өтейді.

Қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-ын жаңғырту жобасы «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығымен іске асырылып отыр. Өз кезегінде QazaqGaz, газ инфрақұрылымының құрылысымен айналысып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: «QazaqGaz» ҰК» АҚ
Өзгелердің жаңалығы