Алматыдағы фестивальдер жолдарды жауып қалады

Қала тұрғыны демалыс күндері өтетін фестивальге келушілер мен ұйымдастырушыларға шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, көлікпен фестивальге келетіндер табиғатты ластап, автобус пен көліктің жүріп тұруына кедергісін келтіреді.

Іс-шараны өткізетін аймақтарға жеке тұрақ жасауы керек. Себебі 1000 адам келсе, соның әрқайсысы көліктерін дәл жолдың жанына қалдырып кетеді. Өздеріңіз білесіздер, Юбилейная көшесі өте тар. Жүріп-тұру ыңғайсыз, көліктер жолда тұрса, кептеліс пайда болады. Осы мәселені біржақты қылып шешсеңіз, -­ деді қала тұрғыны.

Қала әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде бұл сұраққа жауап беріп, фестивальдерге келетін көліктерді ПД шешуі керектігін айтты.

Бұл мәселені шешуге тырысамыз. Көліктерді дұрыс қоймау, жолды жауып тастау сынды жұмыстарды ПД шешу қажет. Ал тұрақ жайлы ойыңызды Медеу ауданының әкімдігі шешер, -­ деді қала әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы