Алматыдағы Есік өзенінің бойы серуен аймағына айналады

Алматы, BAQ.KZ. Тарихи қаланың көркіне көрік қосар жоба іске асып жатыр. Енді Есік өзенінің бойы абаттандырылып, серуен аймағына айналады.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің мәліметінше, жоба бойынша өзен бойында қалыптасқан дәстүрлі классикалық стильдерге шағын архитектуралық пішіндерді біріктіру көзделген.

Абаттандыру алаңының ұзындығы шамамен 1 шақырымды құрайды. Сол жағалауда 3 ойын алаңы, 1 воркаут, велотрек және жаяу жүргіншілер жолы, ал оң жағалауда бір-бірден хоккей алаңы мен шағын футбол стадионы, 2 автотұрақ бой түземек. Сондай-ақ айналасы көпжылдық қылқан жапырақты ағаштармен көгалдандырылады, - делінген хабарламада.

Аудан әкімі Әлібек Әскербекұлы қала әкімі мен құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшыларына атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын әрі уақытылы аяқталуын қадағалауды тапсырды.

Айта кетейік, бұл жоба үш кезеңмен жүзеге асады. Биыл шамамен бір шақырымын аяқтау жоспарлануда. Алдағы жылдары абаттандыру ретімен жүйелі жүзеге аспақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы