Алматыдағы эпидахуал
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда кеше 95 адамнан коронавирус ПТР сынамасы арқылы расталды, оның 92 симптомдық белгілері бар және 3 симптомсыз.
Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 12 науқас ауруханадан жазылып шыққан, ал келіп түскендер саны – 26.
Инфекциялық стационарларда 422 адам ем алып жатыр, оның 23-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 43 науқас бар. ӨЖЖ – 15, инвазивті емес ӨЖЖ – 7, High flow-да 12 аппарат жұмыс істейді, – делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 969 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 914, симптомсыз 55 науқас бар.
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 374 адам, 2-компонетін 493 адам салдырған.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 124 974 адамды құрайды. Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 55 103 адам, оның ішінде 3 063 жүкті әйелдер, 12 124 емізулі аналар және 39 884 балалар мен жасөспірімдер егілді, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар 248 177 қала тұрғыны ревакцинациядан өткен.