Алматыдағы эпидахуал қандай?
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 9 қыркүйек күні 931 адамнан коронавирус анықталғанын мәлімдеді. Оның 894-де ауру белгісі бар болса, 37-і симптомсыз.
Өткен тәулікте қаланың ауруханаларынан 450 науқас ем деліп шыққан, ал келіп түскендер саны – 312.БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 7 312 адам бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 7 085, симптомсыз 226 науқас.
Инфекциялық стационарларда 3 502 адам ем алып жатыр, оның 108-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 310 науқас бар. ӨЖЖ – 46, инвазивті емес ӨЖЖ – 122, High flow-да 126 аппарат жұмыс істейді,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавируске қарсы вакцинаның 1-компонентін 3 790 адам, 2-компонетін 5 412 адам салдырған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Трұмов Сенат депутаты болып тағайындалды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы