Бүгiн 2026, 17:59 Фото: видеодан скриншот

Алматыдағы дәмханалардың бірі өртенді

ТЖМ күштерімен өрт толық сөндірілді.

19 маусым күні 112 пультіне Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан дәмханалардың бірінде түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына келген кезде ашық жалын анықталды. ТЖМ қызметкерлері жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс жүргізді.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар қауіпті аймақтан бес газ және екі оттегі баллонын алып шықты. Бұл жағдайдың одан әрі күрделену қаупін болдырмауға мүмкіндік берді. Өрт сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 600 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.