Алматыдағы бүлік кезінде әскери көлікті басып алған ер адам ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы жаппай тәртіпсіздік кезінде әскери КАМАЗ-ды басып алған Павлодар облысының тұрғыны ұсталғанын мәлімдеді.

Ол 27 жастағы Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты. Айыпталушының тонауға да қатысы бар екені анықталды.  Алатау ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні «Өжет» ықшам ауданында ұстады. Одан қару-жарақ дүкенін тонау нәтижесінде ұрланған 30 патроны бар тегіс ұңғылы «Сайга» мылтығы тәркіленді,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған тағы бірнеше атыс қаруын Алатау аудандық полиция қызметкерлері үш қаскөйден анықтаған.

Қару-жарақ сататын дүкендерді тонау нәтижесінде олар «Аta-аrms», «Remington-700» және «Sauer-202» мылтықтарын оқ-дәрілерімен бірге заңсыз иемденген. Күдіктілер қамауға алынды,-делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: tj.sputniknews.ru
Өзгелердің жаңалығы