Алматыдағы ботаникалық бақтың жылыжайы жаңартылып жатыр
Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Алматыдағы ботаникалық бақтың жылыжайының тозып, әлі күнге жаңармағандығы жайлы ақпарат тараған еді. Ботаникалық бақтың қызметкерлері аталған мәселе бойынша жауап қатты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.
Алматы Бас ботаникалық бағының баспасөз қызметі 50 жылдың ішінде жылыжайға күрделі жөндеу қажет болғанын атап өтті.
Жылыжай 1969 жылы 1025 шаршы метр аумақта салынды. Ғимараттың бой көтергеніне 50 жыл болғандықтан, әбден тозып, металл конструкциялары коррозияға ұшырады, іргетас ішінара бұзылып, әйнектің тығыздығы да өзгеріске ұшырады. Соның салдарынан жылыжайды апатты жағдайға әкелді, күрделі жөндеу қажет болды, - деді Алматы Бас ботаникалық бағының баспасөз қызметінде.
Мамандар үнемі жүргізіліп жатқан кішігірім жөндеу жұмыстары айтарлықтай нәтиже бермегенін, 2018 жылдың қысында жылыжай жылытусыз қалған кезде үлкен апатқа әкеліп соқтырғанын айтты.
Жылыжай 2018 жылы жылусыз қалды. Салдарынан кактустар мен суккуленттердің коллекциясы жойылды. Коллекцияны қалпына келтіру үшін үш жыл қажет болды. Апаттан кейін жетекшілік ететін министрлік бұл мәселеге назар аударды. Жаңа жылыжайдың құрылысын бұзуды немесе құрылысқа басқа учаске бөлуді көздеді. Дегенмен бұл екі шешімнен де өсімдіктердің құрып кетуі мүмкін болды, - дейді Алматы Бас ботаникалық бағының баспасөз қызметінде.
Кешенді техникалық тексеруден кейін құрылымдарды бұзбай, қолданыстағы ғимаратты қайта құруға шешім қабылданды. Осылайша заманауи нормативтік талаптарға сай болатыны айтылған. Жылыжай осы жылдың 14 маусымына дейін қолданысқа берілу керек еді. Алайда жауапсыз мердігер компанияның салғыртығынан кейінге қалдырылған.
«2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болған шарт негізінде «Шах» құрылыс компаниясы» ЖШС жыл соңына дейін металл конструкцияларын, шынылау және жылыту жүйелерін монтаждау жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр. Жылыжай осы жылдың 14 маусымына дейін қолданысқа берілуі керек еді. Алайда жауапсыз мердігер компанияның салғыртығынан кейінге қалдырылдырды. Бұл жағдайда институт одан талап етілетін барлық нәрсені жасады: ЖСҚ түзету бойынша жоба авторының қызметтеріне ақы төледі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті болып табылатын бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне бірнеше рет хат жолдады, - деді Алматы Бас ботаникалық бағының баспасөз қызметі.