Алматыдағы бөлшек сауда айналымы 2,4 трлн теңгені құрады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифинг барысында Алматы экономикасының статистикалық мәліметтеріне тоқталды.
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифинг барысында Алматы экономикасының статистикалық мәліметтеріне тоқталды.
Оның айтуынша, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қалада жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 196 мыңды құрайды. Бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,4% - ды құрайды.
2020 жылғы қаңтар-маусым айларында шағын орта кәсіпкерлік өнімінің көлемі 3,5 трлн теңгені құрады. Шағын орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 596 мың адамды құрады, Шағын орта кәсіпкерліктің үлесі салықтарда-52% құрады, - деді ол.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Алматы қаласындағы қолданыстағы бағаларда 712,3 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі (үй шаруа шылықтары секторын қоса алғанда) өндірілген, бұл 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деңгейге қарағанда 103,2% - ды құрайды.
Осы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 608 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 12,5% артық. Алматы қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары пайдаланған негізгі капиталға салынған инвестициялардың үлесі республикалық көлемнің 7,3% құрады, - деді Қошмамбетов.
Сонымен қатар ол 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда айналымы 2,4 трлн теңгені құрағанын жеткізді. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,7% - ға азайған.