Алматыдағы Бітімгерлік дайындық орталығына Канада дипломаттары келді
Жұмыс сапары барысында Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алан Хэмсон мен әскери атташе екінші дәрежелі капитан Рональд Готье бітімгерлік миссияларға қатысу мақсатында әскери қызметшілерді дайындайтын орталықтың қызметімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бітімгерлік дайындық орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің құрылу тарихы мен атқаратын қызметінің басты бағыттары туралы айтып берді.
Дипломаттар одан басқа оқу бағдарламаларымен, соның ішінде БҰҰ-ның бітімгерлік миссиялары шеңберінде тілдерді қарқынды даярлау және бейбіт тұрғындарды қорғау курстарымен танысты.
Кездесу барысында тараптар бітімгерлік қызметтегі гендерлік аспектілерді талқылады. Канада – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер. Әлем. Қауіпсіздік» 1325 Резолюциясын белсенді қозғаған ел. Биылғы жылдың маусым айында Канада Елшілігінің қолдауымен Астана мен Нью-Йорктегі «БҰҰ – әйелдер» құрылымымен бірлесіп, осы тақырып төңірегінде курс өткізілді.
Кездесу соңында Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алан Хэмсон біздің тарапқа жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.