Бүгiн 2026, 06:14
Фото: скрин
Алматыдағы базарда жүк көлігі ер адамды қағып кетті
Салдарынан 46 жастағы жаяу жүргінші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Алматыдағы құрылыс базарында адам өлімі тіркелді. Полиция мәліметінше, 46 жастағы жаяу жүргіншіні жүк таситын көлік қаққан.
Оқиға Алматы қаласының Алатау ауданында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, "Газель" жүргізушісі құрылыс базарларының бірінде жерасты деңгейімен жүріп бара жатып 1980 жылы туған азаматты қағып кеткен.
Салдарынан 46 жастағы жаяу жүргінші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде, – деп жазылған қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінде.