20 Тамыз 2026, 08:10 Фото: Скриншот

Алматыдағы базарда алты бутик өртенді

ТЖМ кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылында орналасқан базар аумағында өрт шықты.

ТЖМ мәліметінше, өрт қоғамдық тамақтану орындары орналасқан бутиктерден шыққан. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде алты бутик ашық жалынмен жанып жатқан.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалынның көршілес үй-жайларға таралуына жол берілмеді.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.