Алматыдағы Барахолка тағы өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы «Барахолка» атанып кеткен әмбебап базар бүгін тағы өртенді. 

Алматы қаласы ТЖД-нің мәліметінше, сағат 14:51 кезінде Байсат базарында өрт шыққаны туралы хабарланған.

19 наурыз күні сағат 14:51 кезінде өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, Солтүстік айналым тас жолы 7, Байсат базары мекен-жайы бойынша, жоғары дәрежедегі шақырту номерімен шықты. Өрт сөндірушілер  3 минутта келген сәтте бірнеше контейнерлердің жанғаны анықталды.  Өрт сөндіру техникасының өтуіне жеке автокөліктер кедергі жасау себепті, оқиға орнына "109" құтқару қызметінің эвакуаторлары жіберілді,-делінген хабарламада.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы