Алматыдағы бақылау камераларын қалпына келтіруге қанша қаражат кететіні айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабтың отырысында Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев бүлінген камераларды қайта орнатуға қанша қаражат қажет болатынын айтты.

Оның айтуынша, қаладағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер «Сергек» камераларымен қоса адамдар көп жиналатын жерге орнатылған бақылау камераларын қиратқан.

Бүгінге дейін істен шығарылған 766 Сергек камерасының 485-і іске қосылды. Ал, адам көп жиналатын жерге, яғни саябақ, көше бойына қойылған мың камераның 242-ін марадерлер бүлдірген. Камераларды диагностикалап, іске қосу жұмыстары қаңтар айының соңына дейін жалғасады. Камераларды қайта қалпына келтіруге шамамен 220-250 млн теңге қажет болады. Арнайы комиссия шығын көлемін әлі де тексеріп жатыр,-деді басқарма басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы