Алматыдағы балалар үйіне қатысты дау: Президент әкімшілігінің комиссиясы келді

Жуырда "Бағанашыл" ықшам ауданындағы балалар үйіне қатысты туындаған дауға байланысты Алматыға ҚР Президенті Әкімшілігінің комиссиясы келіп, жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Балалар үйі “Бағанашыл” мекемесінің қызметіне қатысты жағдайды жан-жақты әрі объективті тексеру мақсатында Алматы қаласына ҚР Президенті Әкімшілігінің арнайы комиссиясы жіберілді.

Комиссия мүшелері тәрбиеленушілермен, мекеме басшылығымен және қызметкерлерімен, сондай-ақ білім беру жүйесінің өкілдерімен кездесті.

Тексеру барысында Президент Әкімшілігі өкілдері балалар үйіндегі тұрмыс және оқу жағдайымен танысып, мекеме ғимараттары мен онымен іргелес инфрақұрылымды аралап шықты. 

Қазіргі таңда көшу туралы шешім қабылдауға байланысты құжаттар жинақталып, талдануда. Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты әлеуметтік және құқықтық кепілдіктердің сақталуына ерекше назар аударылады.

Тексеру балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау басымдығы негізінде жүргізіліп жатыр және жақын арада аяқталады.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаевқа көшіруге тыйым салды

Сондай-ақ Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматыдағы балалардың көшірілуіне қатысты түсініктеме берді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Президент әкімшілігі
Өзгелердің жаңалығы