Алматыдағы балабақшада балаларды қудалауға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарлауынша, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары Алматы қаласының жекеменшік балабақшаларының біріндегі балаларды қудалау туралы ақпаратқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Жетекшілік ететін вице-министр барлық өңірлік білім басқармаларына осындай оқиғалардың алдын алу үшін дереу және тиімді шаралар қабылдауды тапсырды. Мұндай шаралар балалар мекемелерінің қызметкерлерін мұқият іріктеу мен оқытуды, бақылау жүйесін жақсартуды және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қамтуы тиіс. Сонымен қатар білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен 100% жарақтандыру, балалар мен қызметкерлерді қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына үйрету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - делінген комитеттің хабарламасында.

Комитет ата-аналарды, педагог қызметкерлерді және қоғамды балалардың қауіпсіздігіне қатысты кез келген күдікті жағдайлар туралы ақпарат беруге және ынтымақтасуға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, өңірлерде бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдер жұмыс істейді. Олардың байланыс телефондары комитеттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланған. Әрбір фактті тексеруге Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті өкілінің төрағалығымен ведомствоаралық мониторингтік топ барады.

Балаларға және олардың ата-аналарына жедел көмек көрсету үшін «Бала қорғау» телеграмм-чаты жұмыс істейді, әрбір білім беру ұйымында QR тақтайшалары орнатылған, олар бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне тікелей шағымдануға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы