Алматыдағы Айша бибi көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров Айша бибi көшесінде жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын хабарлады.

Бұған дейін Түрксіб ауданы тұрғындары тротуарлық жолды абаттандыру қажеттілігі туралы мәселені бірнеше рет көтерген.

Көшеде жаяу жүргіншілер үшін өте қауіпті жерлер бар еді, әсіресе жауын - шашын кезінде  жаяу жүргіншілер жолдары балшық болып келеңсіздіктер тудыратын және жаяу жүргіншілер ол жолды пайдалануға мәжбүр болды,-деп жазды аудан әкімі facebooк-тегі парақшасына. 
Жол жөндеу жұмыстарын Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасының мердігерлік ұйымы кесте бойынша жүргізіп жатыр.
Жыл басынан бері тротуардың құрылысы Домбровский, Іле трактісі, Вокзал маңы алаңы, Молдағалиев, Ақынов, Дегдар, Остроумов көшелерінде, Жас Қанат және Волгоград шағын аудандарында жүргізілді,-дейді Ақжаров.
Қалалық мобильділік басқармасы келесі жылы 23 көше бойынша тротуар салуға қосымша өтінім берген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы