Алматыдағы автобустардың бірінде алтын ұрламақ болған ұры ұсталды

Әлеуметтік желілерде егде жастағы әйелдің алтын алқасын ұрламақ болған ұрының әрекеті видеоға түсіп қалған еді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бейнероликті түсірген адамның айтуынша, қоғамдық көлікте ұры жалғыз болмаған. Ол телефонға түсіріп жатқанын көрген бойда ұрлығын доғарып, серіктесімен келесі аялдамадан түсіп қалған.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

1983 жылы туған азамат ұсталып, қамауда отыр, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, - дейді баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы