Алматыдағы автобус апаты: 17 адам зардап шекті

Алматыда үш автобустың соқтығысуынан 17 адам зардап шекті, 14 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. 

Зардап шеккен азаматтар ауруханада қаралып жатыр. Үш автобустың соқтығысуынан 17 адам зардап шекті, 14 адам ауруханаға жеткізілді. Үш адам ауруханаға жатқызудан бас тартты. Барлық науқастардың жағдайы орташа, медициналық көмек көрсетілді, – дейді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, Алматыдағы Райымбек даңғылында бірден үш автобус соқтығысқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы