Алматыдағы ауруханада жанжал шығарған ер адам көпшіліктен кешірім сұрады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасында төбелес шығарған мас адам кешірім сұрады.
Бұған дейін желіде мас адамның полиция қызметкерлерін балағаттап, аурухананың жиһаздарын сындырғаны бейнеленген видео тараған болатын.
Алматы қалалық Полиция департаменті жанжал шығарған адамның ұсталғанын және жасаған ісіне өкінетінін хабарлады.
Алматыдағы ауруханада жанжал шығарған 1997 жылғы ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ш. есімді азаматтың құқық қорғау органының қызметкері емес және құқық қорғау жүйесіне қатысы жоқ екендігі анықталды. Бұған дейін әртүрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылған, - делінген хабарламада.
ПД сондай-ақ бұзақының өз кінәсін толық мойындап, көпшіліктен кешірім сұраған видеосын жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алиментті қалай өндіріп алуға болады?
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы