Алматыдағы аудандардың бірінде тұрғындар жылусыз қалды

Түрксіб ауданына қарасты "Жұлдыз" ықшам ауданы мен оған іргелес көшелерде кеше түннен бері жылу мен газ жоқ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

"QazaqGaz Aimaq" АҚ 16 қаңтарда белгісіз біреулер кәріз құбырларын тарту кезінде жерасты орта қысымды газ құбырының учаскесіне зақым келтіргенін хабарлады.

Оқиға жеке тұлғалардың асфальт жабындысын тесу кезінде кәсіби емес әрекеттерінің салдарынан болды. Осыған байланысты қазіргі уақытта "QazaqGaz Aimaq" АҚ Алматы өндірістік филиалы газ құбырының зақымданған бөлігінде жедел жөндеу жұмыстарын бастады,- деді "QazaqGaz Aimaq" АҚ баспсөз қызметі.

Жұмыс барысында газ беру уақытша тоқтатылады:

Көпқабатты тұрғын үйлердегі 8 048 пәтер; жеке сектордағы 2543 үй; коммуналдық және өнеркәсіптік 67 кәсіпорындар.

Қауіпсіздік мақсатында жергілікті тұрғындардан жұмыс кезінде газ шүмектерін жауып, іске қосу жұмыстары аяқталғанша шүмектерді ашпауды сұраймыз. Сондай-ақ компания инженерлік желілер маңындағы кез келген жұмыс тек тиісті органдардың рұқсатымен орындалады. Сондай-ақ барлық қажетті қауіпсіздік ережелері мен стандарттарын сақтай отырып жүргізілуі керек екенін еске салады. Құрметті азаматтар, табиғи газды үйде пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау маңыздылығын есте сақтаңыз. Егер сіз газдың иісін сезсеңіз немесе газдың ағып кетуіне күмәндансаңыз, дереу “QazaqGaz Aimaq” АҚ жедел диспетчерлік қызметіне 104 телефоны арқылы хабарласыңыз,- делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "QazaqGaz Aimaq" АҚ
Өзгелердің жаңалығы