Алматыдағы Ассы үстіртінен 67 жастағы ер адам табылды

Алматы облысы Ассы үстіртінен 67 жастағы ер адам табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

1957 жылы туған ер адам Еңбекшіқазақ ауданы Ассы үстіртіне жолға шығып. Жолда ол көліктен түсіп, жаяу жүруді шешті. Бірақ, жол ұзақ болып шықты. 67 жастағы ер адам жол бойындағы киіз үйде түнеді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

РЖҚЖ құтқарушылары ер адамды тауып, ұлына тапсырды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы