Алматыдағы "алып тиін" басқа жерге көшіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы алып тиін "Атакент" аумағына көшірілмек.
Бұл туралы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов мәлімдеді.
"Тиін" мүсінінің қалада қалғанын қалайтын тұрғындар бар, сол секілді оған қарсы тарап та бар. Қоғамдық пікірді ескере отырып, бұл мүсін толығымен бөлшектелмейді, бірақ Атакент аумағына көшіріледі деген шешім қабылданды. Мұны наурыз айында жоспарлап отырмыз, - деді аудан әкімі Алтай Рахымбетов.
Бұрын алып тиін мүсіні бөлшектеліп жатқаны туралы хабарланған, кейін оны уақытша қалдыруға шешім қабылданды.
Айта кетейік, кезінде бұл мүсінге бөлінген қаражат елдің жағасын ұстатып, қоғамда резонанс туғызған еді. Бұған дейін "Атакенттегі" тиінді жасаушылар краудфандинг арқылы оның сыртқы қабығын қайта өңделген пластик тақталармен алмастыру үшін шамамен 10 млн теңге жинағысы келген болатын. Жоба авторлары мүсіннің көрінісі туралы бірнеше эскиздерді де ұсынған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Роллан Сейсенбаевтың "Фараби" атты 7 томдық жинағы жарық көрді
Өзгелердің жаңалығы