Алматыдағы АИТВ жұқтырғандардың жағдайы қалай?

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматыдағы медициналық мекемелердің бірінде орын алған АИТВ жұқтырғандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Келесі аптада комиссия жұмысын аяқтайды. Бәріміз олардың жұмыс істеп жатқанын білеміз. Алдын ала нәтижені білу маңызды.

Сондықтан комиссия жұмысын аяқтасын. Олар анықтаманы толық дайындап, ресми түрде әкімдік пен денсаулық сақтау министрлігін ұсынады, - деп атап өтті ведомство басшысы Үкіметтің кулуарында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар министр «Қауіпті індетті жұқтырғандармен өзіңіз жеке кездестіңіз бе?» деген тілшілердің сұрағына жауап берді.

Жоқ. Себебі, комиссия жұмыс істеп жатыр. Бізде «Медициналық құпия туралы» заң бар. Мұндай науқастармен кездескісі келгендердің өзі де кездесе алмайды. Себебі, (олардың кездесуге – ред.) құқығы жоқ. Заң мұндай науқастардың (құқығын – ред.) қорғайды. Сондықтан қазір барлық жұмыс комиссия аясында жүріп жатыр, - деді Ажар Ғиният.

«Сіз денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ретінде кімді жұқтырғанын білуге құқығыңыз жоқ па?» деген сұраққа мынандай жауап алдық.

Ондай құқығым жоқ. Себебі, медициналық құпия бар. Тек пациенттердің келісімімен. Олардың мұндай қалауы жоқ, - деді Ажар Ғиният.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкімет баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы