Алматыдағы 52 адам уланған жағдай: Қылмыстық іс қозғалды
Алматыдағы "Алматы-2" вокзалында 52 адам күйік газынан улану жағдайына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінен мәлімдеді.
Аталған факт бойынша Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 156-бабы (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – делінген ведомство таратқан хабарламада.
Еске салайық, Алматыда 52 адам күйік газынан уланды. Зардап шеккендердің арасында 10 бала бар, олардың екеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты
Өзгелердің жаңалығы