Алматыдағы 31 га жер мемлекетке қайтарылды

Құны 7 млрд теңге тұратын жер телімдері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының прокуратурасы зерделеу барысында заңсыз алынған  жер учаскесі анықтады.

2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді.

Мысалы, Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 га жер учаскесі «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған.

Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамады.

Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Сот шешімі күшіне енбеді.

Айта кетейік, бұған дейін прокуратура мемлекетке 1,6 млрд теңге тұратын орман учаскесін қайтарған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы