Алматыдағы 200-ден астам зейнеткер әлеуметтік клубтарда сабақ өткізіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Адамның жас мөлшері қайырымды іс жасауға кедергі емес. Қаламызда 200-ден астам зейнеткер өскелең ұрпақ үшін сабақ өткізіп жатыр. Бұл туралы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Жәнібек Қаратаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Егде жастағы еріктілер арасында өмір бойы жұмыс істеп жүргендер де аз емес. Сондықтан 2020 жылы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасы бойынша «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы» жобасы іске қосылды. Мақсаты – тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан төменгі сынып оқушылары мен ерекше қажеттілігі бар балаларға өмірлік тәжірибесін, білімі мен дағдыларын беру үшін аға буын мен мүгедек адамдарды қоғамдық өмірге тарту, - дейді Ж. Қаратаев.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша және «Шетсіз қала» бағдарламасы аясында клуб Алматының әр ауданында ашылды. Бүгінгі таңда 11 «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы жұмыс істейді.

Онда зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар қатарынан 203 педагог жұмыс істейді. Олар бастауыш мектептің негізгі жалпы білім беретін пәндері бойынша авторлық сабақтар, атап айтсақ, математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, IT-технология. Сондай-ақ шахмат, қолөнер, хореография, музыка, актерлік шеберлік сияқты шығармашылық және спорттық сабақтар. 9 айдың қорытындысы бойынша 2,2 мыңға жуық бала оқытудан өткен.

Қаратаев Алматыда жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, жалғыз басты ерлі-зайыпты және егде жастағы отбасылық жұптар үшін әлеуметтік тұрғын үй жұмыс істейтінін, қазіргі уақытта 51 адам тұратынын хабарлады. Сондай-ақ «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы, бұрынғы Ардагерлер үйі жұмыс істейді, онда 288 адам қамтылған.

Сонымен қатар аудандық әкімдіктер жанында әлеуметтік қызметкерлер жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетеді. Барлығы 2 773 қарт адамға күтім көрсетіледі.

Алматыда жасы бойынша зейнеткерлерге жолақысына 50% жеңілдік беріледі, ал 75 жастан асқан тұрғындар қалалық қоғамдық көлікте тегін жүреді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы