Алматыдағы 11 учаскеде көшкін қаупі бар – қала әкімі
Алматы қаласының әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде қауіпті учаскелер анықталғанын айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Ерболат Досаев Медеу ауданы бойынша 74 учаске зерттеліп жатқанын мәлімдеді.
2024 жылдың ақпанында менің тапсырмам бойынша қауіпті учаскелерді зерттеу үшін жұмыс тобы құрылды. Медеу ауданы бойынша 74 учаске зерттеліп, оның ішінде 10 учаскенің жағдайы тұрақты, қосымша жұмыстар жүргізуді талап етпейтіндігі анықталды. Ал 11 учаскеде жоғары көшкін қаупі бар және жедел шаралар қабылдауды талап етеді.
Бүгінгі таңда ТЖ шеңберінде 5 учаскенің беткейлерін нығайту және мемлекет мұқтажы үшін 6учаскені сатып алу мәселесі пысықталды. 53 учаске бойынша жоспарлы түрде кешенді жұмыстар жүргізілетін болады,- деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда лай көшкіні жүрген аймаққа 1,5 млрд теңге бөлінгені жайлы жазған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда лай көшкіні жүрген аймаққа 1,5 млрд теңге бөлінді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы