24 Шілде 2024 2024, 11:14 Фото: -архив

Алматыдағы №1 аурухананың ауласында әйел адамның мәйіті табылды

Әлеуметтік желілерде аурухана маңайында киімсіз жатқан әйел адамның мәйіті табылғандығы жазылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде аурухана маңайында киімсіз жатқан әйел адамның мәйіті табылғандығы жазылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Зорлық-зомбылық белгілері жоқ адам мәйіті табылды. Қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр,- деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.