Алматыда зорлық әрекетін жасаған күзетші 8 жылға сотталды
Күзетшіге 8 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматы қаласының Алмалы аудандық сотымен 24 жасар сотталушы К. -ға катысты кісі өлтіру қатерін төндірумен зорлыққа ұласқан, өлтіру қатерін төндірумен ұласқан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны, сондай-ақ күш қолданып тонау жасағаны үшін айыпталған қылмыстық іс қаралды, – делінген хабарламада.
Сот процесс жабық режимде өткен.
2023 жылдың 7 тамызына қараған түні, сотталушы К. қаланың көңіл көтеру орындарының бірінде күзетші болып жұмыс істей отырып, сол түні мекемеге келген жәбірленуші П.- мен танысқаны анықталды. Кейін соталушы, жәбірленушінің сеніміне кіріп, үйіне дейін шығарып салуды ұсынған. Үйдің кіреберісіне кірген соң, сотталушы жиналмалы пышағын шығарып жәбірленушіні өлтірем деп қорқытып, жыныстық сипаттағы әрекеттерін жасап, содан кейін зорлаған – дейді баспасөз қызметі.
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындыларымен, куәлардың айғақтарымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.
Сот үкімімен сотталушы К. өлтіру қатерін төндірумен ұласқан зорлық бойынша, өлтіру қатерін төндірумен ұласқан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, – дейді Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі.