Алматыда жылу желілерінің жартысынан көбі тозған

Алматыда жылу желілерінің 67,9% тозып, қызыл деңгейге көтерілген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

«Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС 92,67%-ы тозса, «Алатау Жарық Компаниясы» 59,2%-ға тозған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Әсел Буденеева айтты.

Бұдан бөлек, «Алматы жылу желілері» ЖШС мен тозу деңгейі 61,5%-ды көрсеткен «Алматы электр станциялары» АҚ сары аймақта болса, сумен қамту деңгейі -56,4% және 57,8%. Ал «Алматы су» ШЖҚ МКК жасыл аймақта тұр.

Қаладағы жылу желілері мен электр станциялары 2023-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасына өзгертулер енгізілуде. Сондай-ақ, тұрғындар мен мердігер компаниялардың өтінштері де қаралуда. Берілген өтінімдер негізінде мамырды 26-да тарифтерді белгілеу жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті. Осы отырыста өзекті мәселелер талқыланып, жылу желілерінің қазіргі жағдайы сөз болды, – деді Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысы Әсел Буденеева.

Спикердің мәліметінше, «Тарифті инвестицияға алмастыру» бағдарламасы арқылы бірқатар кәсіпорынға қаржы бөлінген.

- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 5 035 653,75 мың теңге (тариф есебінен);
«Алматы Су» ШЖҚ МКК сумен жабдықтау бойынша 1 447 627,00 мың теңге, су тарту бойынша 1 269 335,00 мың теңгені құрады (тариф есебінен);
- «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС 1 602 548,07 мың теңге, оның ішінде 1 157 462,18 мың теңге жергілікті бюджет есебінен, 445 085,89 (тариф есебінен);
- «Алматы жылу желілері» 13 938 078,44 мың теңге, оның ішінде 12 538 316,91 мың теңге жергілікті бюджет есебінен, 1 399 761, (тариф есебінен).
Бұл қаражат табиғи монополиялар субъектілерінің желілері мен жабдықтарын реконструкциялауға және жаңғыртуға бағытталған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қалалалық Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы